Оқас би (1440-жылдардың соңында қаза тапқан) — Ноғай Ордасының биі, Едіге бидің немересі, Нұрадынның ұлы, Әбілқайыр ханның беглербегі.Simple text placeholder for Trepavlov. Тарихи деректерде оның есімі Уақас немесе Оқас би деп те жазылады.
Өмірбаяны Оқас би негізінен Әбілқайыр ханның ең сенімді жақтасы әрі әскербасы ретінде танылды. Оның есімі тарихи деректерде алғаш рет 1428 жылдан бастап белгілі, бұл уақытта ол Шыңғы Тұра (қазіргі Төмен) қаласында Әбілқайырдың хан тағына отыру (тәж кию) рәсіміне қатысқан.Simple text placeholder for Ahmedov. Ол ханға Әбілқайырдың билігі күшейіп, айбыны асқан тұста барым қосылды. Оның мұндай қадамға баруына өз жұртының түрлі індеттер (эпидемиялар) мен ішкі аласапырандардан әлсіреп, сырттан қорғаныс іздеуі себеп болуы мүмкін. Көптеген ноғай билері сияқты, ол да хан сарайынан беглербег лауазымын алып, өз мәртебесін көтеруді көздеді, бұл мақсатына көп ұзамай қол жеткізді де. Маңғыт жұрты Оқас бидің тұсында белгілі бір деңгейде өз тәуелсіздігін сақтап қалды, атап айтқанда, батыс шекараларда Үлкен Ордаға белсенді түрде қарсы тұрып отырды. Болжам бойынша, дәл осы Оқас бидің билігі кезінде маңғыт тайпалары Жайық өзенінің бойына шоғырланып, болашақ Ноғай Ордасының іргетасын қалады.
Шамамен 20 жыл бойы Оқас би мен Әбілқайыр ханның арасында өте тығыз, достық қарым-қатынас орнады. Ол ханның 1430–1440 жылдардағы барлық ірі әскери жорықтарына, соның ішінде Орду-Базарды басып алуға және Ахмет пен Махмұд хандарға қарсы соғыстарға белсене қатысты. Көрсеткен қызметі үшін оған Сырдарияның сол жағалауындағы Сүткент (немесе Өзгент) қаласы сыйға тартылды. Алайда, шамамен 1446 жылы Оқас Шығыс Дешті Қыпшақтың тәуелсіз билеушісі Мұстафа ханның жағына шығып кетті. Бұл кезде Әбілқайыр ханның негізгі жайлаулары Есіл өзені мен оның құйылысы Атбасар бойында орналасқан еді. Оқас би өзіне қарасты маңғыттармен бірге Мұстафаның ордасына келіп, оны Әбілқайыр ханға қарсы шығуға (сатқындық жасауға) итермелеген сияқты. Атбасар өзенінің сол жағалауында болған қанды шайқаста Мұстафа ханның көптеген жақтастары қаза тауып, ол ауыр жеңіліске ұшырады. Дегенмен, Әбілқайыр хан Мұстафаны талқандағаннан кейін, Оқас би дәл сонымен бір жылда ханның Сырдария бойына жасаған жаңа жорықтарына қайтадан қатысады; бұл оның жасаған сатқындығының кешірілгенін білдіреді.
1440-жылдардың соңы мен 1450-жылдардың басындағы деректерде Оқас бидің есімі мүлдем аталмайды. Зерттеушілердің көпшілігі оның қастандықпен өлтірілгенін алға тартқанымен, өлімінің нақты себебіне келгенде пікірлері екіге жарылады. Бір болжам бойынша, оның өліміне бұрынғы сатқындығын іштей кешірмеген Әбілқайыр ханның тікелей қатысы бар делінсе, тарихи тұрғыдан ең қисынды нұсқа — Оқасты Ғази бидің ұлы Қожас (Қажы-Ахмет) өлтірген. Қожас бұл қадамға маңғыттар үстінен билікті тартып алғаны үшін және өз әкесінің өліміне Оқастың қатысы болуы мүмкіндігі үшін кек алу мақсатында баруы әбден мүмкін.
Естеліктер 1999 жылы Сарайшықта бой көтерген хандар пантеонында Әмір Оқасқа арналып құлпытас қойылған.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
Дереккөздер
Санат:Туған жылы белгісіздер