Аддикция ( — тәуелділік, жаман әдет) — адамның бір белгілі әрекетке сезінетін қалмайтын мұқтаждығы. Сондай-ақ, аддикцияны патологиялық құштарлық десе де болады, себебі бұл әрекет көбіне тұлғаны психикалық ауруларға және жеке немесе әлеуметтік қиындықтарға соқтырады

Терминді көбіне дәрілік тәуелділік, есірткіқұмарлыққа қолданылады. Алайда, қазіргі заманда басқа да химикалық емес тәуелділіктер көбейгенА.Л.Свенцицкий, Краткий психологический словарь, Проспект, 2011. 512 бет, isbn=978-5-392-01704-1, мысалы, Ғаламторға тәуелділік, ойын құмарлық, шопоголизм, психогенді артық тамақ жеу, фанатизм және т.б. Басқа жақтан, аддикция — адамның қоршаған ортаның қиындықтарына адаптация ретінде қабылдауға болады. Ең қарапайым аддикция нысандары - темекі шегу мен алкогольдік ішімдіктер. Олар адамды уақытша алдамшы ұнамды қалыпқа келтіреді. Қазіргі заманда аддикция - бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.

Тарихы Бұрынғы онжылдықтарда тәуелділік (аддикция) фармакологиялық ұғым ретінде қолданылып, адамның қандай да бір препаратты (дәрі-дәрмек, заңды немесе заңсыз есірткі) үнемі пайдалануын білдіретін. Мұндай тәуелділіктің басты себебі — оны тоқтатқан кезде пайда болатын жағымсыз әсерлерден (абстиненция) қашу еді. Осы тәуелділікпен қатар жүретін аддиктивті мінез-құлық (яғни, «наркотизм»Пятницкая И. Н. Клиническая наркология. Л., Медицина. 1975. 332 с.) девиантты әрекет ретінде қарастырылып, тәуелділікке (ауру ретінде) қарама-қайшы саналды. Қазіргі таңда мұндай бұзылулардың мәніне деген көзқарас өзгерді. «Наркотизм» енді мінез-құлықтық тәуелділіктердің (мысалы, ойынға, интернетке, тамаққа тәуелділік) бір түрі ретінде қарастырылып, олар ортақ феномен ретінде зерттеліп келеді. Алайда, бұл құбылыстың психопатологиялық мәні туралы бірыңғай ғылыми көзқарас әлі қалыптаспаған.

Тағы қараңыз Нашақорлық Жалқаулық

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Аддикция Медициналық әліппе. Медицина туралы ақпараттық портал

Санат:Тәуелділік Санат:Наркология