Черновцы облысы (), ауыз. Черновичина () — Украинаның батысында орналасқан әкімшілік бірлік, әкімшілік орталығы — Черновцы қаласы.

Батысында Ивано-Франковск облысымен, солтүстігінде — Тернополь және Хмельницкий облыстарымен, шығысында — Винница облысымен, ал оңтүстігінде Румыния және Молдовамен шектеседі.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Табиғаты

Черновцы облысы Шығыс Карпаттың солтүстік-шығыс етегінде орналасқан. Солтүстік, солтүстік-шығысын Волынь-Подоль қыратының сілімдері алып жатыр. Пайдалы қазындылары – фосфорит, жанғыш тақта тас, қоңыр көмір. Климаты қоңыржай континенттік. Қаңтардың орташа температурасы – 5, -7 градус, шілдеде 16 – 19 градус. жылдық жауын – шашын мөлшері 600 (жазықта) – 1200 мм (тауда). Ірі өзендері – Днестр, Прут, Черемош, Сирет. Жері күлгінделген қара, шым күлгін, шым қоңыр топырақты келеді. Территориясының 28,8%-і орман (шырша, емен тағы басқа) және шалғын.

Халқы

Тұрғындарының негізі – украиндар. Румын, молдаван, орыстар да тұрады. Орташа тығыздығы 1 квадрат км-ге 106,9 адамнан. Қала халқы 35 % (1974). Басты қалалары – Черновцы, Хотин.

Шаруашылығы

Черновцы облысы Оңтүстік-Батыс экономикалық аудан құрамына кіреді. Экономикасында тамақ өнімдері (қант, май, спирт, ет, жеміс консервілері), жеңіл (киім, аяқ киім, трикотаж), ағаш өңдеу (мебель,тақтай, фанера), машина жасау және металл өңдеу (мата тоқу станоктары, тамақ, мұнай өндірістерінің құрал-жабдықтары) өнеркәсіптерінің үлесі басым. Ірі өнеркәсіп орталықтары – Черновцы, Берегомет, Сторожинец, Путила, Вижница. Облыста 155 колхоз және 30 совхоз бар (1976). Егісі 356,6 мың га; бұған негізінен дәнді (бидай, жүгері, арпа, сұлы) және техникалық (қант қызылшасы, зығыр, күнбағыс) дақылдары, жүзім егіледі. 1973 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі қара 408,7 (бұның ішінде сиыр 157,2), шошқа 311,8, қой мен ешкі 188,0. Құс және омарта шаруашылықтары дамыған. Темір жолының ұзындығы 466 км (1973). Басты магистральдары Черновцы – Кишинёв, Черновцы – Терпоноль. Автомобиль жолы 3,2 мың квадрат км, бұның ішінде асфальтталғаны 2,9 мың квадрат км. Негізгі автомобиль жолдары Львов – Черновцы – Кишинёв, Черновцы – Хмельницкий. Университет, медициналық институт (Черновцы қаласында), 19 арнаулы орта оқу орны, музыкалық-драма театры, филормония, 3 музей бар. Облыстық «Радянська Буковина» газеті шығады.

Дереккөздер

Украина. Районы, М., 1969 (серия «Советский Союз»).

Санат:Черновцы облысы Санат:Украина облыстары