Картоп - 500г Көк жуа - 50г Өсімдік майы - 2 ас қасық Сірке суы - 1/4 стақан Петрушка көгі Аскөк Тұз - қалауынша Картоп бітеудей пісіріледі,қабығынан аршылып тілімдеп туралады да ыдысқа салынады. Сосын тұздалады,үстіне бұрыш себіледі, сірке суымен және өсімдік майымен араластырылады. Содан соң ол үйме етіп тарелкаға салынады, көк жуа себіледі. Ыстық тағам ретінде де, суық немесе қуырылған етке, айталық бұзау, қой, шошқа етіне және балыққа қосымша ретінде де беруге болады. Әсіресе жаңа пісірілген картоптан жылы кезінде жасалған салат дәмді болмақ.

Грузиндердің картоп салаты Картоп - 500г Пияз - 1дана Анар шырыны - 3 ас қасық Петрушка көгі Аскөк Қызыл бұрыш Тұз - қалауынша Картоп бітеудей пісіріледі, қабығынан аршылады да дөңгелектеніп туралады. Ыдысқа салынғаннан кейін тұздалады да үстіне ұнтақталған қызыл бұрыш себіледі,сақина секілдендіріп кесілген пияз қосылады және анар шырыны құйылады. Осылардың бәрін араластырып петрушка және аскөкпен әшекейлейді.

Румындардың картоп салаты Картоп - 500г Пияз - 60г Майонез немесе қаймақ - 2/3 стақан Сірке суы Қант Тұз - қалауынша

Картоп бітеудей пісіріледі, суымай тұрғанда қабығынан аршылады да, дөңгелектеніп туралады. Ыдысқа салып қалауыңша сірке суын және қант қосуыңа болады. Сақина секілдендіріп кесілген пияз бен тұз піскен картоппен араластырылады. Дайын салатты салқын жерге қойған жөн. Дастарқанға апарарда майонез немесе қаймақпен араластырып, петрушка болмаса балдыркөкпен әшекейлейді.

Грузиндердің қырыққабат қосылған картоп салаты Картоп - 500г Ақ қауданды қырыққабат - 200г Тұздалған қияр - 200г Шараптық сірке суы Шекілдеуік майы Қант Аскөк Тұз - қалауынша

Картопты пісіріп алып, қабығынан аршып, суытқаннан кейін, жұп-жұқа етіп тілімдеп турайды. Ақ қабатты қырыққабатты майдалап кеседі де, тұз араластырып сөлі шыққанға дейін үгітеді. Содан соң оған шараптық сірке суы мен қант, тұздан жасалған қосындыны құйып, сосын жақсылап араластыру қажет. Салат ыдысының ортасына үйме етіліп піскен картоп салынады, үстіне ұсақтап туралған аскөк себіледі, екі жағынан тағы да үйме етіп дөңгелектеп кесілген тұздалған қияр орналастырылады, осылардың арасына күні бұрын дайындалып қойған қырыққабатты салып, бәрінің үстіне шекілдеуік майы құйылады.

Венгерлердің картоп салаты Картоп - 500г Түсті қырыққабат - 200г Үрме бұршақ және Жасыл бұршақ - 200-300г Майонез - 150-200г Қияр - 1дана Қызанақ - 3дана Жас қызыл бұрыш - 2дана Үгітілген бұрыш Тұз - қалауынша

Картоп, түсті қырыққабат, үрме бұршақ сәл тұзды суда пісіріп алынады. Картоп пен түсті қырыққабат тілімдеп кесіледі, үрме бұршақ және консервіленген немесе тұздалған суға пісіріп алған жасыл бұршақ араластырылады. Оған майонез қосылады, дөңгелектеп кесілген қызанақ, қияр, жасыл бұрышпен әшекейленеді. Содан кейін әркім қалауынша тұз, бұрыш салады. </blockquote>

Немістердің картоп салаты Картоп - 200г Алма - 200г Тұздалған қияр - 200г Қызылша - 200г Пияз - 50г Өсімдік майы - 40г Петрушка көгі - жарты уыс Сірке суы Тұз - қалауынша

Қабығы аршылмаған бітеу картопты темір пешке салып қыздырып пісіріп алғаннан кейін ортасы ойып алынып, оған ұсақтап туралған тұздалған қияр,пияз, петрушка көгі қосылып араластырылады. Алма мен қызылшаны да жұп-жұқа етіп, тілімдеп кесіп алып, тұз салып араластырып, май және сірке суын қатады.

Америкалықтардың картоп қосылған бақшалық салаты Піскен картоп - 2 стақан Пісірілген балдыркөк - жарты стақан Қияр - жарты стақан Шалғам және тұщы бұрыш - 1/4 стақан Тұздығы: Пияз - жарты шай қасық Шараптық сірке суы - жарты шай қасық Майонез - жарты стақан Қызыл бұрыш Тұз - қалауынша Піскен картоп текшелеп туралады және оған дәл осылай туралған балдыркөк, қияр, шалғам, тұщы бұрыш пен салат қосылады, оған тұздық құйып, ептеп араластырады, көк салаттың жапырақтарымен әшекейлеп табаққа салып әкеледі.

Румындардың қояншөп қосқан картоп салаты Картоп - 400г Қояншөп - 500г Көк жуа - 1 ас қасық

Тұздық: Қаймақ - 250г Жұмыртқаның сары уызы - 2 Ұн - 20г Қыша - 30-50г Қант,тұз - қалауынша

Қояншөпті қабыршығынан аршып жуғаннан соң үстіне қайнап тұрған су құйып, тұз, қант қосып, жұмсарғанынша пісіреді. Сүзіліп алғаннан кейін ұзындығын 2 см етіп, көлденеңінен кескен жөн. Картопты тазартып жуып, қайнап тұрған суға салып пісіреді. Содан соң қабығынан аршып, кейін майдалап текшелеп турайды.

Тұздық дайындау: Қаймақты кастрюльге салып, оған ұн қосып былғап тұрып қайнатып алады. Оған жұмыртқаның сары уызын ааластырады, әркімнің өз қалауынша қыша, тұз, сірке суы, қант қосылады да салқындатуға қойылады. Картоп пен қояншөпті жаңағы тұздықпен араластырып, шағын көк жуа қосып шыны ыдысқа салады. Үстіне көк жуа сеуіп, қояншөптің бүршіктерімен әшекейлеу жөн.

Поляктардың жасыл қабыршақты үрме бұршақ қосқан картоп салаты Картоп - 400г Қабыршақты үрме бұршақ - 400г Майонез - 200г Қант,тұз - қалауынша Картоп бітеудей пісіріледі, сосын қабығынан аршылып, майдалап текшелеп туралады. Қабығынан аршылмаған үрме бұршақ жуылып, тамырларынан тазартып алынады. Содан соң тұз,қант қосылған суға салынып, үрме бұршақ әбден жұмсағанынша қайнатылады. Бәрін қосып араластырғаннан кейін - қалауынша тұз, сірке суы, қант салып, майонез қату қажет.

Румындардың эстрагон қосқан картоп салаты Картоп - 500г Жұмыртқаның сары уызы - 0,5 Қыша - жарты шай қасық Қант - жарты шай қасық Өсімдік майы - 50г Лимон шырыны немесе сірке суы - жарты ас қасық Петрушка, аскөк көгі - жарты ас қасық Эстрагонның бірнеше жапырағы

Картоп бітеудей пісіріледі де, қабығынан аршып, сәл жұқалау етіп тілімдеп туралады. Қыша, тұз, сірке суы немесе лимон қосқан майонез әзірленіп қойылады да, бұған қант, ұсақтап туралған аскөк, петрушка көгі, аздап эстрагон қосады. Бәрін картопқа қосып араластырып тарелкаға орналастырады. Әшекейлеуге кесілген қызанақ немесе ұсақтап туралған жасыл да тәтті бұрыш қолдануға болады.Картоптан 777 тағам, 1993, 13,14,17,19,20,21,23 бет ISBN 5-620-00723-5

Санат:Картоп тағамдары Санат:Неміс асханасы Санат:Аустрия асханасы Санат:Тағамдар