Асау Жүрек () — Түркияда түсірілген экшн, драма және саяси тақырыптарды қамтитын телехикая. Сериалдың басты кейіпкері Юсуф Мироғлы классикалық халық қаһарманының архетипі ретінде бейнеленіп, қазіргі Түркияның жемқорлық жайлаған және бұзылған қоғамдық құрылымында өмір сүріп жатқан адамның тағдырын көрсетеді. «Асау Жүрек» төрт маусым бойы көрерменге тек бір кейіпкердің ғана емес, тұтас бір қоғамның өзгеруіне куә болуға мүмкіндік береді. Әр маусымда Юсуфтың біртіндеп жалғыз қалуы, айналасындағы күштердің қаталдана түсуі, достарының жоғалуы немесе сатқындық жасауы және ақыр соңында оның аңызға айналуы баяндалады. Сериалдың алғашқы бөлімі 1998 жылғы 5 қазанда Show TV арнасында көрсетілді. Хикая 1998 жылғы 5 қазаннан 2001 жылғы 21 мамырға дейін үш маусым бойы Show TV-де, ал 2002 жылғы 14 қаңтардан 24 маусымға дейін бір маусым atv арнасында эфирге шықты. Барлығы 113 бөлімнен тұрған сериал кейіннен көптеген телеарналарда қайта көрсетілді.

Кең актерлік құрамының және күрделі экшн көріністерінің арқасында «Асау Жүрек» түрік телевизиясы тарихындағы алғашқы кәсіби телехикаялардың бірі саналады. Сериалды Осман Сынав жасап шығарған, ал өндірісін Sinegraf компаниясы жүзеге асырған. Телехикаяның негізгі музыкалық тақырыбын Aria тобының мүшелері Бора Эбеоғлу мен Женгиз Онурал жазған. Оң пікірлерге ие болып, үлкен танымалдыққа қол жеткізген «Асау Жүрек» телехикаясы алғашқы жылдарынан бастап-ақ жоғары рейтингтер көрсетіп отырды. Show TV арнасында көрсетілген кезеңінде де, кейінгі соңғы маусымы atv арнасында эфирге шыққанда да сериалдың әр бөлімі рейтинг кестелерінде бірінші орындардың қатарынан көрінді.

Сериал 1999 жылғы RTGD сыйлықтарында «Үздік телехикая» аталымы бойынша, ал 2000 жылғы MGD сыйлықтарында «Үздік телехикая режиссері» аталымы бойынша марапатталып, бұдан бөлек те көптеген беделді салалық сыйлықтарға ие болды. Өзінің адал жанкүйерлер қауымын қалыптастырғаннан кейін сериалға басқа телехикаяларда, жарнамаларда, журналдарда және ән мәтіндерінде жиі сілтемелер жасала бастады. Осылайша «Асау Жүрек» түрік бұқаралық мәдениетінің маңызды бір бөлігіне айналды. Сериалға арналған «Асау Жүрек» (1999) және «Асау Жүрек II» (2001) атты музыкалық альбомдар да жоғары сатылым көрсеткіштеріне қол жеткізіп, үлкен қызығушылық тудырды.

Өндіріс Консепт Сериалдың консепті тек экшн немесе драма жанрларымен ғана шектелмейді. Бұл туынды 1990-жылдардың соңындағы Түркияның қоғамдық-саяси ахуалы аясында жеке адамның ішкі және қоғамдық күресін бейнелейтін идеологиялық, философиялық әрі символикалық шығарма болып табылады. Сериал дәстүрлі «жақсы адам жамандықпен күреседі» деген сюжеттік үлгіні негізге алады, бірақ оны көпқабатты әрі интеллектуалдық деңгейі жоғары туындыға айналдырады. Тұжырымдаманың өзегінде жеке адамның жемқорлық жайлаған жүйелерге қарсы тұрып, өз болмысын қалай сақтап қалатыны және бұл жолда қандай құрбандықтарға баратыны туралы ой жатыр. Басты кейіпкер Юсуф Мироғлы (Кенан Имирзалыоғлу) арқылы өрбитін оқиға жеке адамның мемлекет, мафия, бұқаралық ақпарат құралдары және халық арасындағы қысылған тіршілігіне жауап іздейді. Юсуфтың әлемінде билік иелері жүйенің тетіктеріне айналған күштер ретінде көрінеді: мемлекеттің көзге көрінбейтін жағы, ұйымдасқан қылмыстық топтар, өз пайдасын ғана көздейтін бұқаралық ақпарат құралдары және үнсіз қоғам. Сериал осы күрделі жүйенің ішіне «ар-ұжданы бар адамды» енгізіп, оның өмір сүру жолындағы күресін суреттейді. Юсуф батыр болып туған да емес, батыр болуды мақсат еткен де емес. Оны қаһарманға айналдырған нәрсе — қараңғы әрі лас тәртіптің ортасында жүріп, адалдығы мен тазалығын сақтауға деген табандылығы.

Сериал сонымен қатар заманауи эпосқа жақындайтын құрылымға ие. Халықтық дастандардағы сияқты, мұнда да қарапайым адамның уақыт өте келе халықтың үміті мен аңызына айналуы бейнеленеді. Осы тұрғыдан алғанда, Юсуф бейнесі мен Анадолы әңгімелеу дәстүріндегі Көроғлы, Баттал Ғази және Қараоғлан секілді қаһармандар арасында тікелей байланыс орнатылған. Алайда бұл байланыс өткенді сағынып қайталау емес, сол дәстүрді қазіргі заманға бейімдеп жеткізу тәсілі ретінде көрінеді. Кеңістік пен атмосфераны пайдалану да сериал тұжырымдамасының маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Ыстанбұлдың қараңғы көшелері, тастап кеткен зауыттар, ылғалды жертөлелер, дәстүрлі шайханалар, зираттар мен қу медиен жерлер — мұның бәрі Юсуфтың ішкі дүниесі мен Түркия қоғамының рухани күйінің метафоралық көріністері ретінде ұсынылады. Әсіресе күңгірт жарықта түсірілген көріністер, баяу кадрлық ауысулар және драмалық музыканың қолданылуы осы атмосфераны одан әрі тереңдете түседі. Музыка сериал рухын толықтыратын ең маңызды элементтердің бірі саналады. Aria тобының (Бора Эбеоғлу мен Женгиз Онурал) авторлығымен жазылған негізгі музыкалық тақырып Юсуфтың ішкі жалғыздығын да, сыртқы қақтығыстарын да бейнелейтін мұңды әрі қуатты әуенге ие. Танымалдықтан әлдеқайда ауқымды мағынаға ие бұл сериалды 1990-жылдардың соңында Түркияда орын алған саяси, қоғамдық және мәдени құлдыраудың көркем айнасы ретінде қарастыруға болады.

Эпизод құрылымы «Асау Жүрек» сериалының әр бөлімі шамамен 45–60 минутқа созылатын және апта сайын көрсетілетін. Эпизодтар көбіне әсерлі көрініспен басталатын. Бұл көрініс не Юсуфтың ішкі дауысы арқылы жүргізілетін философиялық толғаныс, не қақтығыс немесе өткен оқиғаларды еске түсіретін флешбэк болып, көрерменді бірден оқиғаға тартып әкететін. Сюжет алдыңғы бөлім аяқталған жерден жалғасып, оқиғалар бір-бірімен тізбектеле өрбитін. Бөлімдер әдетте бір негізгі оқиғаның төңірегінде дамығанымен, қосымша сюжеттік желілер арқылы толықтырылып отыратын. Юсуфтың ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтары, оның Зейнеппен қарым-қатынасы, шағынаудандағы қоғамдық мәселелер немесе мемлекет пен мафия арасындағы күш тепе-теңдігі қатар көрсетіліп отырды.

Сериал экшн көріністерінен гөрі кейіпкердің ішкі әлеміне көбірек көңіл бөлетін. Көріністер арасындағы ауысулар баяу жүзеге асырылып, камера көбіне ұзақ кадрлармен жұмыс істейтін. Музыка, әсіресе Юсуфтың жалғыз қалған сәттерінде, көріністің эмоциялық әсерін күшейте түсетін. Эпизодтар көбіне әсерлі аяқталатын, бірақ бұл міндетті түрде жарылыс немесе ауқымды оқиға емес еді. Көп жағдайда финал кейіпкердің өміріндегі маңызды бетбұрысқа немесе оның өз-өзімен ішкі арпалысына негізделетін. «Асау Жүректің» эпизодтық құрылымы оқиғаға емес, кейіпкерге бағытталған болатын. Сондықтан әр бөлім көрерменге тек эмоциялық әсер қалдырып қана қоймай, оны ойлануға да жетелейтін ерекше сипатқа ие еді.

Түсірілім орындары «Асау Жүрек» телехикаясы түсірілген орындарымен де ерекшеленген туынды болды. Сериалдың негізгі түсірілімдері Ыстанбұл қаласында жүргізілді. Әсіресе Үскүдар ауданы басты кейіпкер Юсуф Мироғлының көріністері үшін жиі пайдаланылды. Зейнеп Камил ауданындағы тұрғындар сериалдың ықпалымен өз көшелерінің біріне «Мироғлы көшесі» деген атау беру туралы өтініш жасап, бұл өтініш қабылданған. Юсуф Мироғлының үйі ретінде пайдаланылған ғимарат Валиде Кахясы көшесінде орналасқан еді. Сонымен қатар сериалдың алғашқы бөлімінде Мироғлының лаңкестермен қақтығысатын көрінісі Үскүдар жағалауындағы Салажак Коржан отбасылық шай бағында түсірілді. Кейін бұл орын «Көкжалдар мекені» (2003–2005) сериалында да пайдаланылған. Үскүдар алаңы мен Қыз мұнарасы да сериалда жиі көрсетілетін орындардың қатарында болды.

Сериалдағы дана қария бейнесіндегі Құсшының үйі Тузла ауданында орналасқан еді. Осы үйдің террасасында Юсуф пен Құсшының терең мағыналы әңгімелері жиі өтетін. Юсуфтың жұмыс орны ретінде Малтепе ауданындағы Гүлсую ықшамауданында орналасқан автокөлік галереясы пайдаланылды. Сондай-ақ Үскүдардың Валиде-и Атик ауданындағы Ескі Топташы көшесінде орналасқан бір сорпаханамен қатар тұрған жөндеу шеберханасы да сериалдағы маңызды орындардың бірі болды. Бұл шеберхана бүгінгі күнге дейін жұмысын жалғастырып келеді. Сыртқы көріністерді түсіру үшін негізінен Малтепе жағалауы, Бейкөз тоғайы және Үскүдар көшелері таңдалған.

Актерлік құрам және кейіпкерлер «Асау Жүрек» сериалының актерлік құрамы түрік телевизиясы тарихындағы ең әсерлі кейіпкерлердің кейбірін сомдаған мықты ұжымнан тұрды. Әсіресе Юсуф Мироғлы бейнесін қоса алғанда, сериалдағы барлық кейіпкерлер өздерінің айқын мінезімен, идеялық ұстанымдарымен және драмалық табиғатымен көрермен жадында терең із қалдырды. Бұл кейіпкерлердің табысы тек сценарий мен режиссураның ғана емес, оларды сомдаған актерлердің шебер ойынының да нәтижесі болды.

Юсуф Мироғлы — сериалдың басты кейіпкері. Бұл рөлді Кенан Имирзалыоғлу орындады, ал кейіпкердің дауысын Пайыдар Түфекчиоғлу дыбыстаған. Кенан Имирзалыоғлуның актер ретіндегі алғашқы тәжірибесі дәл осы рөл болды және уақыт өте келе Мироғлы бейнесі оның есімімен біте қайнасып кетті. Юсуф адалдығы, ар-ұжданы, әділдікке деген сенімі және жүйеге қарсы тұратын мінезімен өз дәуірінің жастары үшін әрі қаһарманға, әрі үлгі болатын тұлғаға айналды. Оның үнсіздігі, жанары және сөзбен жеткізілмейтін сезімдері оны нағыз «қала аңызына» айналдырды. Юсуфтың өмір жолы тек бір адамның тағдыры ғана емес, сонымен қатар тұтас бір буынның ішкі күресінің көрінісі болды.

Зейнеп бейнесін Зейнеп Токуш сомдады. Ол Юсуфтың сүйіктісі ғана емес, оның өміріндегі ең үлкен қайшылықтардың біріне айналған кейіпкер болды. Зейнеп тәртіпті, қауіпсіз әрі жүйе шеңберіндегі өмірді қалайтын әйел ретінде суреттеледі. Юсуф пен Зейнептің арасындағы махаббат — бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі әлемнің қақтығысынан туған сезімдік дауыл. Зейнептің осы екіұдай болмысы оны тек «махаббат нысаны» ретінде ғана емес, сериалдағы ең маңызды драмалық тұлғалардың біріне айналдырады. Кейіпкерлер Oйыншы Kейіпкер Бөлімдер Кенан Имирзалыоғлы Юсуф Мироғлы (дубляж Пайдар Түфекчіоғлы) 1-113 Ойлум Өктем Ферайе Улухан (дыбыстаған Өзлем Алтынок) 1-7Зейнеп Токуш Зейнеп Оуыз/Мироғлы (дыб. Өзлем Алтынок)10-112Мелда Бекджан Демир Карахан Ағаби 3-113 Күршат Алниачык Саваш Доған 1-113 Әли Сүрмелі Торғай Атажан 35-90 Ebru Cündübeyoğlu Айшегүл 41-113 Мехтап Байри Назлы Мироғлы1-113 Атилла Карагөз Aли Той Елиф Енжі Гүлчин Андач Хазнадароғлы Гөкче Жейлан 1-69 Емин Гүрсой Құсшы Хамза 1-113 Нүвит Өздоғры Oсман Ұста 1-112 Ахмет Иенілмез Сабри 1-113 Йылмаз Түзүн Йылмаз 2-84 Суат Үлхан Салих Ұста 1-88 Ерай Демиркөл Иса 1-113 Ачеля Елмас Гонжа 15-69 Идил Фырат Биллур 32-113 Мехмет Али Тунжер Ариф Шахин 16-35 Месут Акуста Бурхан 20-29 Нежми Айкар Аға 1-69 Туғче Үнлүтүрк Aйше 1-70 Мұстафа Башбуғ Селим Айдын 35-113 Исмаил Инжекара Бехрам Картал 25-30 Булут Арас Қара Хамит (дыб. Ридван Челеби) 1-7 Жейлан Еде Кесік Реджеп (Реджеп Калкан) 1-6 Нүвит Жанданер Гүркан Улухан Нуршах Окай Aслы 1-18 Сүхейла Зерен Хажер Мироғлы 1-11 Билал Инжи Фахри Әке (дыб. Ержүмент Балакоғлы) 96-101 Нежат Ишлер Октай 24-36 Онур Үнлү Умур Үнлү 20-46 Ерджан Сүт Метин 9-37 Нермин Тунджер Шүкрие 70-90 Реджеп Иенер Заим 46-80 Лктиф Акгедик Хаккы 40-112 Мутлу Гүней Өзжан 78-113 Кая Гүрел Екрем Хожа (дыб. Левент Өктем) 40-52 Тефик Полат Eрдал 47-90 Гүркан Уйгун Джихан 91-113 Емин Олжай Якуп Ефе 92-113 Селжүк Ионтем Бозо (Селахаттин) 99-113 Джихат Шенер Орхан Явуз 37-49, 104-111 Ахмет Сынав Джек 111-113Умут ДемирделенНедим (Орхан Явуздың досы)104Бахар АкчаОрхан Явуздың қызы104-111

Маусымдар мазмұны 1-маусым (1998–1999)