Михаил Викторович Кирпичев (1879 жыл, Петербург - 1955 жыл, Мәскеу) — жылу техникасы мен жылу физикасы саласындағы КСРО ғалымы, КСРО Ғалымдар академиясының академигі (1939). Петербург технологиялық институтын бітіргеннен кейін (1907) политехникалық институтта қызммет етті (1920) жылдан проф). В.Л. Кирпичевтың баласы. 1932-1935 ж. Москва Орталық қазан-турбина иснтитутының ғылыми жетекшсісі; 1933-1935 жылдары Г.М. Кржижновский атындағы энергетикалық институтта, Мәскеудің химиялы машина жасау және энергетикалық институтында жұмыс істеді. КСРО-да бірінші болып қазанды агрегаттардағы процестердің физикалық негізін зерттеді, жылулық модельдеу теориясының негізін жасады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1940),Ленин орденімен және басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл, 5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 450 бет
Санат:Физиктер Санат:КСРО физиктері