Қызылтас – Табақкеңтатыр аңғары мен Балқаш көлінің аралығындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Орта Дересін ауылының солтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 447 м.
Жер бедері Беткейі адырлы жыралармен қатты тілімденген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Жырық, солтүстік-шығысында Бөрітүскен құдықтары, шығысында Көпшоқы, оңтүстік-шығысында Итмұрынды таулары орналасқан.
Өсімдігі Қиыршықты қоңыр топырақ жамылғысында сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары