Александр Моисси (, ; 2 сәуір 1879, Триест — 23 наурыз 1935, Вена) — неміс және австриялық актер. Ұлты – албан.

Вена консерваториясында ән класы бойынша сабақ алып, «Бургтеатрда» қызмет етті. 1904 жылдан М. Рейнхардт басқарған труппада ойнады; ол осыдан кейін 20 ғасырдың алғашқы жартысындағы көрнекті сахна шеберлерінің санатына қосылды. 1905-33 ж. Берлиндегі Неміс театры мен «Каммершпиле» театрында актер болды. Актер өнері рольдің ішкі жан-дүниесін терең, жарқырата ашып көрсетуімен ерекшеленеді. Түрлену өнері мен мимиканың үздік шебері болды. Басты рольдері: Гамлет, Ромео, (Шекспир трагедияларында), Освальд (Ибсеннің «Елестерінде»), Протасов (Л. Н. Толстойдың «Тірі өлігінде»), Иванов (Чеховтың осы аттас пьесасында). Гастрольдік сапармен КСРО-да (1924–1925) өнер көрсетті. Театр өнері туралы мақалалар жазды. Фашистер билігі кезінде Германиядан кетуге мәжбүр болды. Өмірінің соңғы жылдарын Аустрияда, Италияда өткізді. Ол орыс совет театрын, К.С. Станиславский мен Мәскеу Көркем театрының қызметін жоғары бағалады.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Дереккөздер