Физикалық-химиялық талдау - тепе-теңдікте тұрған жүйе қасиеттерінің (кристалдану температурасының басталуы, қаттылық, тұтқырлық, бу қысымы, ерігіштік, электрөткізгіштік, т.б.) күй параметрлеріне (қысым, температура, құрам) тәуелділігін зерттеуге арналған физикалық және геометриялық әдіс. Физикалық химиялық талдаудың негізгі идеялары М.В. Ломоносов пен 19-20 ғасырлардың белгілі ғалымдары Д.К.Чернов, Д.И. Менделеев, В.Ф. Алексеев, Д.П. Коновалов, Г.Тамман, Н.С.Курнаков еңбектерінде тұжырымдалған. Бұл әдістің негізінде жүйе құрамы мен оның іс жүзіндегі өлшенетін физикалық қасиеттері шамасының арасындағы тәуелділік зерттеледі. Жүйенің құрамына байланысты өзгеретін қасиеттер 25-30-ға жетеді. Физикалық химиялық талдаудың маңызды әдістерінің бірі рентген құрылымды талдау болып табылады. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Физикалық химиялық талдау · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.