Формуляр (лат. formula - формула, ереже) - азаматтың және сауда құқығындағы үлгі шарт. Формуляр талаптарын ірі ұйымдар әзірлеп, контрагентке қол қою (қосылу) үшін ұсынады. Контрагенттің ұсынылып отырған шарттарды өзгертуге, тіпті талқылауға мүмкіндігі жоқ. Формуляр қазіргі іс қағаздары айналымында зор маңызға ие болып отыр. Шындығында формуляр құқық көздері емес, брақ заңнамадағы құқықтың диспозитивтік нормалары тиісті құқықтық қатысушыларға Формулярдың көмегімен егдей-тегжейлі реттеу мүмкіндігін береді. Формуляр тұтас салаларды қамтитындықтан және кеңінен таралғандықтан оны ерекше "формулярлық құқық" деп атайды. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Формуляр · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.