Лев Наумович Свердлин (16. 11. 1901, Астрахан, - 29. 8. 1969, Москва) – кеңес актері, педагог, КСРО халық артисі (1954).
Мәскеудегі А. В Луначарскй атындағы театр техникумында (В.Э. Мейерхольдтың курсы бойынша), одан кейін Мейерхольдтың Мемлекеттік Театр шеберханасында оқыды. 1926 жылдан Мейрхольд атындағы театр актері. 1938-41 ж. Вахтангов атындағы театрда, 1943 жылдан өмірінің соңынна дейін Мәйскеудің Маяковский атындағы театрында қызмет етті.
Негізгі рольдері: Счастливцев, Тихон (А. Острицкийдің «Орманы» мен «Найзағайында») Верейский, Хлебников, (А.Штейннің «Намыс соты» мен «Жеке ісінде»), Степанов (Алешиннің «Директорында»), Илья Журбин (Кочетов пен Қараның «Журбиндер семьясында»), Аздақ (Брехттің «Кавказ борлы айналымында»), Полоний (Шекспирдің «Гамлетінде»), т.б 1924 жылдан киноға түсіп, педагогикалық қызметпен шұғылданды.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1947, 1949, 1951). Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:1901 жылы туғандар Санат:Астраханда туғандар Санат:1969 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері