Ысырап – қарамағына заңды негізде түскен ақшаны немесе өзге мүлікті заңсыз, бейберекет пайдалану. Ысырапты банк қызметшісі, ұйымдардың кассирлері мен бухгалтерлері, басқа да қызметкерлер, әскери қызметшілер жасауы мүмкін. Көптеген мемлекеттердің тәжірибесіне сәйкес құқық қорғау органдары ақша немесе құндылық қайтарылса, Ысырап фактісін жария етпейді. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том

Дәстүрлі Ислам дінінде, Ысырап (исраф) мал-мүлікті діни тұрғыдан және муруәт (адамгершілік) тұрғысынан дұрыс болмаған жерлерге жұмсау деген сөз. Сай болмаған ысырап харам болып табыладыhttp://www.islamdini.kz/articles/view/578. Ал Кұран бойынша, ысырапқа тек қана мал-мүлік емес, дұрыс қолданбаған уақытты да айтады.

Пайдаланылған cілтемелер