Мунк (Munk) Анджей (16. 10. 1921, Краков, - 20. 9. 1961, Освенцим маңы) – поляк кинорежиссеры. 1951 жылы Лодзьдын Мемлекеттік жоғары кинематография және театр өнері мектебін бітірді. 1949 жылдан кинохроника саласы бойынша оператор әрі режиссер болды. 1955 ж. көркем фильмдер қоюға көшті. «Рельс үстіндегі адам» (1957) мен «Каһармандық» (1958) фтльмі режиссердің есімін копшілікке кеңінен танытты. З. Посмыштың повесі бойынша қойған «Пассажир әйел» фильмі. (1963 ж. реж. В. Лесевич аяқтады) оның соңғы еңбегі болды. Осы фильмді қою кезінде автомобиль апатынан қаза тапты. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мунк Анджей · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.