Шижаға шайқасы, Арал теңізінің солтүстік-шығысында 1216/18 жылдары Мұхаммед Хорезмшах пен Жошы ханның арасында өткен. Хорезмге көршілес қыпшақтарға қашқан тоқтабек бастаған меркіттердің бір тобын жою мақсатымен Жошы оларды өкшелей қуып, Торғай даласына жеткен. Осы жорықта олар Терменбас тауының етегіндегі Қаракөлдің жағасында Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездеседі. Әскерінің аздығына қарамастан Жошы батыл қимылдап, өзінің қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. осы шайқастан кейін Хорезмшах Шыңғыс ханның Хорезмге жасаған шабуылы кезінде моңғолдармен далада шешуші шайқастарға шығуға батылы жетпей, өз әскерлерімен елдегі қалалар мен бекіністерді паналауға мәжбүр болды. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шижаға шайқасы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.