Керіш бұғазы — Керіш, Таман түбектері аралығындағы бұғаз.

Қара және Азов теңіздерін жалғастырады. Ұзындығы 41 км, ені 4-15 км. Жағасы жайпақ, кей тұсында жарқабақты. Батыс жағасында ірі Керчь порты орналасқан. Осы порт пен Кавказ арасында кеме (параход) және тауар жүк паромы қатынайды.

Санат:Азов теңізі бұғаздары Санат:Қырым бұғаздары