Вирджил Айвен Гриссом () (3 сәуір 1926, Митчелл, Индиана — 27 қаңтар 1967, Флорида) – АҚШ-тың ұшқыш-космонавы, әскери әуе күштерінің полковнигі, 1944 жылдан әскери ұшқыш.
1950 жылы Индиана штатының Лафейетт қаласында Пердью университетінің механика мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1955 жылы Әскери әуе күштерінің технологиялық институтын, 1956 жылы Эдуардс авиация базасында сынаушы-ұшқыштар мектебін бітірді. 1961 жылы 21 маусымда «Меркурий» программасы бойынша суборбитальдық ұшуды жүзеге асырды. 1965 жылдың 23 наурызында Дж.Янгпен бірге «Джемини-3» ғарыш спутнигіммен ғарышқа ұшты. Ол ұшу кезінде АҚШ-та алғашқылардың бірі болып, ғарыш кемесін бір орбитадан екінші орбитаға ауыстыруды жүзеге асырды. Ол «Аполлон» ғарыш кемесін сынау кезінде Э.Уайт және Р.Чаффимен бірге шыққан өрттен қаза тапты.Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том
Дереккөздер
Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:1926 жылы туғандар Санат:3 сәуірде туғандар Санат:Индианада туғандар Санат:27 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Флоридада қайтыс болғандар Санат:АҚШ ұшқыштары Санат:АҚШ ғарышкерлері Санат:АҚШ полковниктері Санат:Пердью университеті түлектері Санат:Өрттен қаза тапқандар