Матвей Манизер Генрихович (17.03.1891, Санкт-Петербург, - 20.12.1966, Мәскеу) - совет мүсіншісі, КСРО халық суретшісі. 1941 жылдан КОКП мүшесі. 1911-16 ж. Санкт-Петербург Көркем сурет академиясында оқыды. Монументті насихат жоспарын іске асыруға қатысқан. Көркем -сурет академиясында, Мәскеудің сән және қосалқы өнер институты мен Мәскеу көркемсурет институтында сабақ берді. 1947 жылдан КСРО Көркемсурет академиясының вице президенті болды. Ленинградтағы В.И.Чапаев, Ульяновскідегі В.И.Ленин, Рязаньдағы И.П.Павлов ескеткіштерінің, Зоя Космодемьянская мүсінің, Мәскеудегі В.И. Ленин атындағы метрополитен станциясындағы мүсіндік-топтамалардың авторы. КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты. Ленин ордені және Қызыл жұзыл орлденімен марапатталды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары Санат:1891 жылы туғандар Санат:1866 жылы қайтыс болғандар