Лорел Эйткен(ағылш. Laurel Aitken; 22 сәуір, 1927- 17 шілде, 2005)- ямайкалық әнші. Ол тек ска жанрындағы әндердің әлемге таралуын ғана емес, онымен қоса жалпы ямайкалық ән дәстүрін дамытуда үлкен үлес қосқан әнші.
Өмірбаяны. Эйткен Кубада дүниеге келген. 1950 жылдың соңында Ямайкаға қоныс аударған. Алғашында ол ритм-энд-блюзді орындаушы болып шығып, кейін 1950 жылдардың соңында ска жанрынынң негізін қалаушылардың біріне айналды. 1950 жылдың соңы мен 1960 жылдың басында сол кезде Ямайкада танымал продюсерлер Дюка Рейда мен Лесли Конгада өзінің жұмысын бастайды. 1960 жылы Эйткен Ұлыбританияға жол тартады, сол жерде енді ғана өз жұмысын бастаған Вlue Beat лейблінде өзінің әндерің жазады.
Шығармашылығы: Ska With Laurel, 1965 Fire, 1969 The High Priest Of Reggae, 1970 Ringo the Gringo, 1990 The Story So Far, 1998 En Espanol, 1999 Live at Club Ska, 2002
```