Голопятов Семен Федорович (15 ақпан 1918 жылы, қазіргі Ғ.Мүсірепов ауданы Раисов селосы – 8 желтоқсан 1987 жылы, сол ауданда Рузаев селосында) – 3-дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Тракторшы, механизатор болып жұмыс істеді. 1936-1938 жылдары Қызыл Армия қатарына алынып, 1941 жылдан Ленинград майданының 310-атқыштар дивизиясының 860-артиллерия полкінде зеңбірек көздеушісі болды.
Дереккөздер Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы.
Санат:1918 жылы туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері Санат:КСРО кіші сержанттары