Диркс Мартын Мартынович 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданындағы Березовка селосында туған. Еңбек жолын 1944 жылы тракторшы болудан бастады. Кейін Петропавл ауданындағы «Новая жизнь» ұжымшарының трактор­егіс бригадасының бригадирі болды. 1955­-1961 жылдары осы аудандағы Киров атындағы ұжымшарды басқарды. 1961 жылдан Бескөл ауданындағы «Тоқшын» кеңшарының директоры, ол 1977 жылдан Петропавл облгаз тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды. 1971 жылы 8 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Мартын Мартынович Диркске Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Дереккөздер Орысша уикипедия Айбын Энциклопедия

Тағы қараңыз Диркс Мартын Мартынович

Санат:1928 жылы туғандар Санат:Соколов ауданы тұлғалары