Five Nights at Freddy’s (қаз. Фреддидегі бес түн) — инди point-and-click және survival horror жанрлеріндегі компьютерлік ойын түрі. Ойынды 2014 жылы Скотт Коутон жасап шығарған. 2014 жылдың 10 қарашасында Steam Greenlight ойынның жалғасын жасады, жалғасының аты: Five Nights at Freddy's 2.

Ойынның барысында «Freddy Fazbear’s Pizza» (қаз. «Фредди Фазбер пиццериясы») пиццериясының күзетшісы аниматрониктерден қорғанып, электронды есіктерді уақытыла жауып үлгеру керек.

Ойын процесі Ойынның басты кейіпкері — түнгі ауысымдағы күзетші, ойындағы мақсаты — 5 күн бойы түнгі сағат 12 ден, таңғы сағат 6 дейін тірі қалу. Кейіпкер күзет бөлмесінде отырады және жылжуға мүмкіндік берілмейді. Ойыншының ойындағы әрекеттері оң жақтағы және сол жақтағы есіктерді ашып жабумен; коридордағы жарықты өшіріп жағумен; планшет арқылы камералардағы аниматрониктардың қозғалысын бақылаумен шектеледі. Ойыншы энергия қорын иеленеді. Бұл энергия қоры камераларды пайдаланған кезде және есіктердегі жарықты өшіріп жаққан кезде азайып отырады. Егер энергия қоры бітіп қалса, пиццериядағы жабдықтар мен жарық істен шығып, бірнеше секундтан соң Фреддидің скримері шығады. Кез келген аниматроник басты кейіпкерді өлтірсе, ойын сізді басты мәзірге қайтарады.

Ойында түн деп аталатын бес негізгі деңгей бар. Егер ойыншы бес түнді өтсе, онда басты мәзірде "жұлдызша" белгісі мен алтыншы түн пайда болады. Алтыншы түннен кейін ойыншыға қосымша түн қол жетімді болады. Ол жерде ойыншы әр аниматрониктің жасанды интеллектін өзінің ыңғайына қарай өзгерте алады.

Сюжеті Ойын барысы 1993 жылы (соңғы нұсқаларда xxx деген жыл көрсетіледі) болады. Басты кейіпкер Майк Шмидт "Freddy Fazbear`s Pizza" пиццериясына түнгі ауысымдағы күзетші ретінде орналасады. Майкқа келген дауыстық хабарламаларда бұл пиццериядағы аниматрониктардың түнде еркін қозғала алатыны және олар көп уақыт қосылмаған жағдайда серверприводтарының бұғатталатыны жайлы айтылады. Ол тағы да бұл пиццерияда күндіз де жүруге тыйым салынуына "Тістеу 87" деген жағдайдың себеп болғанын айтады. "Тістеу 87" - аниматрониктардың бірі баланың маңдай бөлігін тістеген жағдай. Аниматрониктардың бірі адамды байқаса оны эндоскелет (жануарлар костюмдерінің қаңқасы немесе механикалық тірек) деп қабылдап, оны Фредди Фазбердің костюміне кіргізіп, костюм бөлшектеріне айналдыратынын ескертедіFive Nights at Freddy`s .

Ойынды ойнау барысында ойыншыға әртүрлі газеттердің бөлшектері кездеседі. Шығыс дәліздегі газетте пиццерияда өлтіру жағдайлары болды деген мақала жазылған: Мақалада аниматрониктің костюмін киіп алған жігіт бес баланы артқы бөлмеге алдап апарып, өлтірген. Кейін пиццерияға аниматрониктардан жаман иіс шығады, және олардың көздері мен ауыздарынан қан ағады деген шағымдар түсе бастады. Пиццерия қонақтарының бірі оларды "тірі өліктермен" салыстырып, өлген балалардың мәйіттері аниматрониктардың ішінде жасырылғанын және балалардың елестері оларға иелік ететінін меңзеді. Жетінші түннен кейін Майк Шмидті кәсіпқойсыздық және жағымсыз иіс шығарғаны үшін жұмыстан шығады. .

Кейіпкерлері Майк Шмидт () — күзетші. Телефонмен сөйлейтін жігіт() — Майктің алдында жұмыс істеген адам.

Қарсыластары Бонни ()  Чика ()  Фокси ()  Фредди ()  Алтын Фредди ()

Сыртқы сілтемелер Ойын шығарушының ресми сайты Five Nights at Freddy’s Desura Five Nights at Freddy’s IndieDB Five Nights at Freddy’s Steam Five Nights at Freddy’s Google Play Five Nights at Freddy’s iTunes Five Nights at Freddy’s Wikia