Қоңыртөбе – Итжон тауларының батыс бөлігіндегі шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының оңтүстік-шығысында 5 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 588 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу келген. Солтүстігінде Жетіқұдық, оңтүстігінде Ақбала, батысында Үш келіншек қоныстары жатыр.

Өсімдігі Сортаңды қызғылт қоңыр қиыршық топырақ жамылғысында селеу, қызғылт селеу, жусан, өлең, сұлыбас, бетеге, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы таулары