Каноэ (испанша canoa – кішігірім қайық, кариб үндістерінің тілінен алынған) – Солтүстік Америкадағы үндістер тайпаларында пайдаланылатын қайық.

Каноэ тұтас ағаш діңінен ойылады не оның ағаш қаңқасы сырты су өтпейтін затпен қапталады. Каноэнің алдыңғы және артқы тұмсықтары үшкір келеді. Оның сыйымдылығы 2 адамнан 100 адамға дейін. Қайықтың ескек бекітетін тұтқасы болмайды. Ол бір ескекпен екі бүйірден алма-кезек есу арқылы қозғалысқа келтіріледі. Каноэ шаруашылықтық, туристік және спорттық болып ажыратылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер:

Санат:Қайықтар Санат:Ескекті спорттық кемелер Санат:Байдарка және каноэмен есу Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:Үндістер мәдениеті