Руже Де Лиль Клод Жозеф (10. 5.1760, Лон-ле-Сонье,—26 немесе 27. 6. 1836, Шуази-ле-Руа) — француз ақыны әрі композитор. 1791 ж. Страсбург гарнизонында әскери қызмет атқарды. «Рейн армиясының әскери әнінің» авторы (1792). Бұл ән «Марсельдіктер маршы», кейіннен «Марселъеза» деген атпен француздың ұлттық гимніне айналды. Руже Де Лиль көптеген әскери және революциялық әндер, романстар, опералық либреттолар жазды, сондай-ақ И. А. Крыловтың мысалдарын француз тіліне аударған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Клод Жозеф Руже де Лиль · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.