Закари Израэль «Зак» Брафф (; 6 сәуір 1975, Саус-Орандж, Нью-Джерси) — америкалық актёр, режиссёр, сценарийші мен продюсер.
Өзінің «Клиника» телесериалындағы Джон Дориан рөлімен әлемге танымал болды. Зак бірнеше рет Эмми мен Алтын глобус жүлделерімен марапатталды.
Саус-Орандж, Нью-Джерси штаты, АҚШ-та иудейлер отбасында дүниеге келді. Әкесі — профессор Хэл Брафф, анасы — психолог Энн Бродзински.
Зак кішкентай кезінде оның ата-анасы ажырасып басқа отбасын құрған. Зак — кенже бала. Оның Джошуа және Адам Джей ағалары және модельер апайы бар. Ол кішкентай кезінен бастап әртіс болғысы келген. Мэплвудте Зак Брафф мектепті бітірген. 1993 жылы ол Солтүстік-Батыс университетте оқып, оны 1997 жылы бітірді. Өзінің мансабын Зак Нью-Йорктың театрында бастаған. Ол Уильям Шекспирдің «Двенадцатая ночь» және «Макбет» пьесаларында ойнаған. 2001 жылы ол «Клиника» комедиялық сериалында түсе бастады. Бұл сериалдағы рөлі үшін ол Эмми және Алтын глобус жүлделерімен марапатталды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:АҚШ еврейлері Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері