Қарашатпақ – Өкпекті тауының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының оңтүстік-батысында 7 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1257 м. Енсіз тау, батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр.

Жер бедері Беткейлері сай, аңғарларемн тілімденген көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Тау баурайындағы бұлақтардан Аягөз, Қарасу өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Тауалдының қара, қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, сұлыбас, қызыл қау, қылқан боз, селеу, бұталар өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары