Жан-Франсуа де Лаперуз( [немесе de Lapérouse]; 23.8.1741, Альби — 6.02.2014) — француз теңіз саяхатшысы.

1756 жылдан әскери флотта істеген. 1785—88 жылдары «Буссоль» және «Астролябия» желкенді кемелерімен Тынық мұхитты зерттеу экспедициясын басқарды. Гало Горн мүйісін айналып, Пасха аралы арқылы Гавай аралдарына барды. Одан Алясканың батысындағы Әулие Илья тауынан Солтүстік Американың батыс жағалауымен солтүстік ендіктің 60°-нан 36°30'-на дейін жетті, оңтүстік-батысқа бұрылып 20° солт. ендік бойымен Тынық мұхитты кесіп өтті. Содан Филиппин аралдары арқылы Шығыс Қытай, Жапон теңізімен жүзіп, Татар бұғазынан өтті. Экспедиция мүшесі Лессепсті зерттеу қорытындылары мен жүзген жерлер картасын беріп, оны Камчаткадан Петербург арқылы Парижге қайтарды. Кемелер Австралияға бағыт алып жолда Савайи аралын ашты. Сиднейден солтүстікке қарай шыққан экспедиция хабарсыз жоғалды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,7 том

Дереккөздер

Санат:22 тамызда туғандар Санат:1741 жылы туғандар Санат:Лангедокта туғандар Санат:Францияда туғандар Санат:Соломон аралдарында қайтыс болғандар Санат:Әулие Людвик ордені игерлері Санат:Франция теңіз офицерлері Санат:Жетіжылдық соғыс қатысушылары Санат:АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыстағы Франция әскерилері Санат:Франция графтары Санат:Тынық мұхитты зерттеушілер Санат:Аустралия және Океанияны зерттеушілер Санат:Сахалин және Курил аралдарын зертетушілер Санат:Жаһандық саяхат қатысушылары Санат:Франция матростары Санат:Франция саяхатшылары Санат:XVIII ғасыр саяхатшылары Санат:Солтүстік-шығыс Азия тарихы