Қаратомар — Қарағанды облысы Нұра ауданының орталық бөлігінде орналасқан тұйық көл. Теңіз деңгейінен 388,3 м биіктікте.
Аумағы Ауданы 7,5 км2, ұзындығы 9 км, су жиналатын алабы 41 км2, ең терең жері 1 м. Су көлемінің массасы 2,95 млн м3.
Гидрографикасы Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Негізінен қар суымен толысады. Суы тұщы, мал суаруға пайдаланылады. Көлдің қамыс, құрақ өсекен жағалауында үйрек, жылқышы ұя салады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы көлдері