Өзгент (бұрынғы атауы "Қараша") — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Өзгент ауылдық округі орталығы.
Халқы Тұрғыны 1140 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434057100.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 18 км жерде.
Тарихы Ауыл 1973 – 97 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Өзгентте және округтегі Ақжол, Ақсуат ауылдарында шаруа қожалықтары жұмыс істейді.Қазақ энциклопедиясы, 7том
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Викимапияда
Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері