Хиуаз (2018 жылға дейін Дәшін)Атырау облысы Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, Жаңаталап ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 16 км жерде Еділ өзенінің Каспий теңізіне құятын тармақтары аралығындағы шөл белдемде орналасқан.

Тарихы Хиуаз ауылының тарихы ХVIII-ғасырдан басталады. Бұрын бұл жер «Дархан» деп аталған. Мұнда қоныстанған тұрғындар негізінен мал өсіру, сауда-саттықпен, егін шаруашылығымен айналысқан. Дәшін (Хиуаз) ауылының қақ ортасымен Шарон өзені өтеді және оның кішкене салалары бар. Сондай - ақ солтүстігінде үлкен және кіші «Дархан» көлдері бар. Бұл ауылда қазақтың әншісі Мұхиттың әкесі Мерәлі правительдің ордасы (ставкасы) болған.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 40 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 197-VI бірлескен шешімімен Дәшін ауылы - Хиуаз ауылына өзгертілді.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V18T0004087

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2811 адам (1382 ер адам және 1429 әйел адам) болса, 2009 жылы 3009 адамды (1495 ер адам және 1514 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3022 адамды (1532 ер адам және 1490 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп — 1926 жылы бастауыш мектеп ретінде ашылды. Ал 50 – ші жылдардың басында Каганович атындағы 7 жылдық мектебі болып аталған, 1965 – 66 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп болды.https://altynsarin.kurmangazy-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Тарихы «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасы Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебі — 1987 жылы құрылды. Алғашқыда домбыра, қобыз, сырнай сыныптары болса, 1990 жылдан ұлт аспаптар оркестрі сыныбы қосылды.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. - 312 бет + 16 бет түрлі-түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-535-7 Жаңаталап ауылдық клубы — 2023 жылы наурыз айында 300 орындық қос қабатты жаңа ғимараты пайдалануға берілді.Құрманғазы ауданында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

Ауыл суреттері

Ауыл көшелері Айдынғали Мәлиев көшесі Бейбітшілік көшесі Белжайлау көшесі Дина Нұрпейісова көшесі Егемен Қазақстан көшесі Жастар көшесі Жұмекен Нәжімеденов көшесі Исатай Тайманов көшесі Кеңшағыл көшесі Құбаш Мұхитов көшесі Құмарғали Бисенғалиев көшесі Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі Мақаш Бекмұхамбетов көшесі Мақсот Сәрсенов көшесі Мардан Тәжібаев көшесі Нәси Нұрқанаева көшесі Ораз Сәрсенов көшесі Өтежан Рысбаев көшесі Садих Сәрсенғалиев көшесі Сайып Рысқалиев көшесі Тұлпар көшесі Шаку Сәтеков көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері