Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (қысқартқанда Жоғарғы Кеңес) — 1937–1991 жылдары Қазақ КСР бірпалаталы ең жоғары заң шығарушы органы.
Тарихы Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 қазан–1936 желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті атқарды. 1936 жылы республика Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды, Қазақ АСКР ОАК атауы Қазақ КСР ОАК деп өзгертілді.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, оның бірінші орынбасары, орынбасарлары, министрлер және Қазақ КСР мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрамымен Қазақ КСР үкіметі құрылды. Кезектен тыс сессиялар Жоғарғы Кеңес Төралқасының бастамасымен немесе депутаттардың кем дегенде үштен бір бөлігінің ұсынысымен шақырылды. Жоғарғы Кеңес сессиясы оның мәжілістері, ал олардың аралығында Жоғарғы Кеңес тұрақты комиссиялары мен өзге де комиссияларының мәжілістері түрінде өткізіліп тұрды. Әрбір жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес өзінің бірінші сессиясында тұрақты жұмыс істейтін, өзінің бүкіл қызметінде Жоғарғы Кеңеске есеп беріп тұратын және оның сессиялары аралығындағы кезеңде Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік құзырын жүзеге асыратын органы – Жоғарғы Кеңестің Төралқасын сайлап отырды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік билік түрлерінің бірі саналатын сот жұмысы саласында да толық билікке ие болды. Ол сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сот органдары жүйесін, оларды сайлау тәртібін, өкілеттігін, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілігін белгіледі, сот ісін жүргізу қызметіне бақылау жасады.
Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды.
Бұл Конституция өтпелі кезеңдегі жағдайды сипаттайтын құжат қызметін атқарып, елде жүргізіліп жатқан реформалар мен әлеуметтік-экономикалық, саяси міндеттерді шешуге бағытталды және екі жыл бойы Негізгі заң ретіндегі тарихи қызметін орындап шықты. Алайда, КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттілікті жүзеге асыра бастаған кезде қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайда Қазақстандағы бұрынғы халық депутаттарының кеңестері түріндегі өкілетті органдар жүйесі республиканы дағдарыстан алып шығуға дәрменсіз болды. Ескі өкілетті билік жүйесімен және олардың заң шығарушылық әдістерімен нарықтық экономикаға бет алған жаңа қоғам орнату мүмкін емес еді.
Кеңестік дәуірде сайланған соңғы Жоғарғы Кеңес елде қалыптасқан осындай жағдайда өз отырыстарын өткізуге қажетті депутаттар санын жинай алмайтыны айқын болғандықтан өзін-өзі таратуға мәжбүр болды.
1993 жылғы 28 қаңтарда Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің орнын біпалаталы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі алды.
Құқығы және міндеттері Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті.
Шақырылымдары №ҚызметіСайлауы 1 1938 1946 1937 2 1947 1950 1947 3 1951 1954 1951 4 1954 1959 1954 5 1959 1962 1959 6 1963 1966 1963 7 1967 1970 1967 8 1971 1974 1971 9 1975 1979 1975 10 1980 1984 1980 11 1985 1989 1985 12 1990 1993 1990 13 1994 1995 1994
Хронологиялық оқиғалар
1938 жылғы 24 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне алғашқы сайлау. 1938 жылғы 15–17 шілде — 1-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясы. 1940 жылғы 10 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу туралы заң қабылдады. 1941 жылғы 16 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР мемлекеттік әнұраны туралы» Жарлығы. 1941 жылғы 17 қараша — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-інің 25 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясы. 1942 жылғы 28 мамыр — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы мен ХКК Ленинград қорғаушыларына хат жолдады. 1947 жылғы 16 ақпан — 2-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы. 1957 жылғы 7 желтоқсан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР-інде балаларды жалпыға бірдей міндетті оқыту туралы» Жарлығы. 1959 жылғы 28 наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады. 1959 жылғы 4 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» заң қабылдады. 1961 жылғы 20 наурыз — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Ақмола қаласын Целиноград деп өзгерту туралы Жарлығы. 1962 жылғы 6 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР ауыл халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту шаралары мен жай-күйі туралы» қаулы қабылдады. 1963 жылғы 3 наурыз — 6-шы шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне және жергілікті кеңестерге сайлау. 1968 жылғы 20 желтоқсан — «Қазақ КСР еңбекшілер депутаттарының ауылдық, поселкелік Кеңестері туралы» заң қабылданды. 1971 жылғы 13 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау. 1973 жылғы 15 тамыз — Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің республикаға Халықтар достығы орденін тапсыруға арналған бірлескен салтанатты мәжілісі. 1975 жылғы 14 маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау. 1977 жылғы 16 ақпан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының республика құрамында жаңа аудандар құру туралы Жарлығы жарияланды. 1978 жылғы 20 сәуір — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдады). 1978 жылғы 20 желтоқсан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау туралы Заң бекітілді.
Жоғарғы Кеңес Төралқасының төрағалар тізімі Реті Суреті Аты-жөніҚызметіҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы 1 163x163px Әбдісәмет Қазақбаев 17 шілде1938 қаңтар1947—163x163pxИван Куприянович Лукьянецқаңтар194720 наурыз1947 2 163x163px Даниял Керімбаев 20 наурыз1947 23 наурыз1954 3 163x163px Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов наурыз1954 наурыз1955 4 163x163px Жұмабек Ахметұлы Тәшенов 19 сәуір1955 20 қаңтар1960 5 163x163px Фазыл Кәрімұлы Кәрібжанов 20 қаңтар1960 25 тамыз1965—163x163pxКапитолина Николаевна Крюкова25 тамыз19603 қаңтар19616163x163pxИсағали Шәріпов3 қаңтар19615 сәуір19657163x163pxСабыр Біләлұлы Ниязбеков5 сәуір196520 желтоқсан19788163x163pxИсатай Әбдікәрімовжелтоқсан1978желтоқсан19799163x163pxСаттар Нұрмашұлы Имашев13 желтоқсан197922 ақпан1984—163x163pxАндрей Павлович Плотников22 ақпан198422 наурыз198410163x163pxБәйкен Әшімұлы Әшімов22 наурыз198427 қыркүйек198511163x163pxСаламат Мұқашұлы Мұқашев27 қыркүйек19859 ақпан198812163x163pxЗақаш Қамалиденұлы Қамалиденов9 ақпан1988желтоқсан1988—163x163pxВера Васильевна Сидорова6 желтоқсан198810 наурыз198913163x163pxМақтай Рамазанұлы Сағдиев10 наурыз198922 ақпан1990
Жоғарғы Кеңес төрағалары тізімі Реті Суреті Аты-жөніҚызметіҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы1163x163pxСәлкен Дәуленұлы Дәуленов15 шілде193825 қыркүйек19392163x163pxНұрмұхамед Бозжанов25 қыркүйек193916 желтоқсан19443163x163pxҒабдолла Шолановшілде194518 наурыз19474163x163pxЖақыпбек Жанғозин18 наурыз194728 наурыз19515163x163pxҒабдолла Шалқарұлы Қаржаубаев28 наурыз195128 наурыз19556163x163pxШәкір Қарсыбайұлы Қарсыбаев28 наурыз195527 наурыз19597163x163pxСақтаған Бәйішұлы Бәйішев27 наурыз195920 наурыз19638163x163pxАсқар Закарияұлы Закарин20 наурыз196311 сәуір19679163x163pxШахмардан Есенұлы Есенов11 сәуір196713 тамыз197410163x163pxҒабит Махмұтұлы Мүсірепов13 тамыз197416 шілде197511163x163pxСаттар Нұрмашұлы Имашев16 шілде197513 желтоқсан197912163x163pxҚилыбай Үсенұлы Медеубеков13 желтоқсан197922 ақпан199013163x163pxНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев22 ақпан199024 сәуір199014163x163pxЕрік Мағзұмұлы Асанбаев24 сәуір199016 қазан1991—163x163pxбос орын16 қазан199111 желтоқсан1991
Дереккөздер
Санат:Қазақ КСР Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі