Назым Абайқызы Қызайбай (14 қыркүйек 1993 ж.) — қазақстандық боксшы, бокстан Қазақстанның 14 дүркін, Әлемнің 3 дүркін чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Жазғы олимпиада ойындарының 51 кг салмақта қола жүлдегеріҚызайбай: Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы болғым келген.

2014, 2016 және 2025 жылы өткен бокстан Әлем чемпионатының чемпионы.

Өмірбаяны Назым Қызайбай 1993 жылы қыркүйек айының 14 жұлдызында Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген. Отбасында үшінші бала.

Отбасы

Кәсіби мансабы Назым Қызайбай 2014 жылы Оңтүстік Кореяда болған турнирде алтын жүлде, Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Юниор чемпионатында қола жүлдеге, Қытайдағы турнирде 3 орынга иеленді.

Қазақстан чемпионаты Қазақстанның 14 дүркін чемпионы.

Әлем Чемпионаты 2016 жылы Астанада өткен əлемдік турнирде алтын медаль игері атанды. Әйелдер арасындағы бокстан екі дүркін Əлем чемпионы.

Париж 2024 Олимпиадасы 2024 жылғы Париж жазғы олипиадасында 6-тамыз күні жартылай финалда қытайлық боксшы Ю Вумен жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп, олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

2026 жыл

Бокстан әлем кубогы (World Boxing Cup) 2026 жылғы 22 сәуірде Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы сериясында Назым ⅛ финалда поляк боксшысы Виктория Рогалинскаямен кездесті. Үш раундтан кейін төрешілер 1:4 есебімен жеңісті поляк қызына берді.

Хобби Сурет салу, футбол ойнау.

Марапаттары Президенттің Алғыс хаты (2025)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Қазақстан әйелдері спортта Санат:Бокстан әлем чемпиондары Санат:Бокстан Азия чемпиондары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері