Степан Яковлевич Румовский - орыс астрономы, Петербург ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының мүшесі.

Ол М.В.Ломоносов қайтыс болғаннан кейін ғылым академиясының географиялық департаментін 30 жылдай басқарды. Шолпанның Күн дискісі арқылы өтуін бақылау экспедициясына қатысты. Сөйтіп Күн Нараллаксінің қазіргі табылған мәніне жуық мәнді тапты. 1862 ж. 62 астрономиялық пункттің дәлдігі өте жоғары каталогын алғаш рет жасады. Румовский жақсы аудармашы ретінде де белгілі. Ол Ресей академиясының алғащқы этимологиялық сөздігін құрастырушылардың бірі болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж., 9-том

Дереккөздер

Санат:29 қазанда туғандар Санат:Тверь облысында туғандар Санат:6 шілдеде қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Ресей академиктері Санат:Ресей астрономдары Санат:Ресей ғалымдары