Лев Владимирович Руднев - совет архитекторы. 1915 ж. Петербург Көркемсурет академиясын бітірді. Архитектор Л.Н.Бенуаның шәкірті. 1912-1916 ж. И.А. Фоминнің көмекшісі болды. Ленинградта, Мәскеуде архитекторлықпен шұғылданды. Ленинград Көркемсурет академиясы мен мәскеу Архитектура институтында педогогикалық қызметпен шұғылданды.
Шәкірттері: Б.Г.Бархин, Е.Я.Витенберг, В.О.Сунц, В.Е.Асс, И.Е.Рожин. Басты еңбектері: Мәскеудегі М.В. Фрунзе атындағы академияның ғимараты, Антипьев бұрылысы мен Фрунзе ауданы жағалауындағы әкімшілік ғимараттары, Бакудегі Үкімет үйі, Мәскеу мемлкеттік университетінің ғимараты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО сәулетшілері