Галина Евгеньевна Буркацкая - Социал Еңбек Ері атағын екі рет алған. УССР-і Черкасский ауданының "Радянська Украина" колхозының председателі. 1946 жылдан КОКП мүшесі. Артем атындағы Харьков коммунистік университетін бітірді. 1938-1941 ж. комсомол жұмысында болды. 1941-1944 ж. Саратов Облысы, Первомай ауданының "Серп и молот" колхозында, 1944 жылдан "Раяньска Украина" колхозында істеді. Галина Евгеньевна Буркацкая басқарған колхоз бірнеше жыл бойы дәнді дақылдардан тұрақты өнім алып мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өнімнің өзіндік құнын кемітуде де жоғары көрсеткішке ие болды. Галина Евгеньевна Буркацкаяның басшылығымен колхоз ірі, көп салалы шаруашылыққа, Украинаның озат шаруашылықтарының біріне айналды. Галина - экономика ғылымының кандидаты. 1968 жылдан ауыл шаруашылық академиясының еңбекке ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы. КОКП-тың 19-22 съездерінің делегаты. КОКП-тың 22-съезінде орталық тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. 3-6 сайланған КСРО Жoғарғы Советінің депутаты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері‎