Бөрте жусан () – астралылар тұқымдасының жусан тегіне жататын көп жылдық шала бұта.
Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 20-60 см, сабағы мен жапырағы бозғылт түкті, тамыр сабағы жақсы жетілген, маусым - қыркүйек айларында гүлдейді.
Таралуы Бөрте жусан Батыс Еуропада, Жерорта теңізінің батыс жағында, Кіші Азияда, Солтүстік Иранда, Кавказда, Орта Азияда, Батыс Сібірде, Қазақстанның барлық аудандарында, әсіресе шөл, шөлейт, сортаңды жерлерде, жол бойында өседі.
Пайдалануы Бөрте жусанның астық тұқымдас өсімдіктер араласқан пішіненін мал жақсы жейді, сүрлемге салуға да болады. Бұл өсімдіктің құрамында алколоид, глюкозид, каротин, эфир майы, протеин, белок, май т.б. заттар болады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 448-бет 2 том
Дереккөздер
Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер