Рафинёр (, raffiner - тазарту, бұрыңғыдан да жұқарту) - целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде талшықты материалдарды ұнтақтауға арналған үздіксіз әрекетті аппарат. Талшықты массаның судағы суспензиясы Рафинердің ұнтақтаушы дискілерінің арасындағы қуысқа түседі. Олардың жұмыстық жазықтығында ұнтақтауыш элементтер болады. Ұнтақтауыш элементтер шойынан, болаттан, қоладан, керамикадан т.б. дайындалады. Суспензиядағы талшықты массаның мөлшері Рафинердің типіне қарай 2-30% -ке дейін болады. Рафинердің жұмыс өнімділігі 550 т/тәулікке дейін, ал оның электр двигательдерінің қуаты 8 МВТ-қа дейін жетеді. Рафинер жоңқалардан ағаш массасын дайындау үшін де қолданылады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:Техника