Ламия соғысы (б.з.б. 323-322) - грек мемлекеттерінің Македония үстемдігіне қарсы жүргізген соғысы. Соғыс Ескендір Зұлқарнайынның өлімінен кейін басталып, гректердің жеңілуімен аяқталды.
Соғысты демократиялық топтардың қысымымен Афина бастады. Оларға Фокида, Этолия және басқа да полистер қосылды. Леосфен басқарған гректердің біріккен күші Македония әскерін Ламия қаласына жасырынуға мәжбүр етті. Дегенмен, Македонияға қарсы лагерь күшінің бытырыңқылығы салдарынан гректер жеңіліске ұшырады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Соғыстар