Жозеф Луи Лагранж (; 25 қаңтар 1736, Турин – 10 сәуір 1813, Париж) — француз математигі және механигі, Париж ғылым академиясының мүшесі (1772), 1759 жылдан Берлин ғылым академиясының мүшесі.

Өмірбаяны 1766–1787 жылдары Лагранж Берлин ғылым академиясының президенті болды. 1797 жылдан Париждегі Политехникалық мектептің профессоры. Ең маңызды еңбектері вариациялық есептеуге, аналитикалық және теориялық механикаға арналған. Вариациялық есептеудің негізгі ұғымдарын жетілдіріп, варияциялық есепті шешуге арналған аналитикалық әдісті ұсынған. «Аналитикалық механика» (1788) атты класикалық еңбегінде барлық статиканың негізіне «ортақ формуланы» — ықтималды орын ауыстыру принципін, ал динамиканың негізіне — ықтималды орын ауыстыруы принципі мен Д'Аламбер принципінің үйлесімі болып табылатын «ортақ формуланы» алды. Ол жалпыланған координаталар ұғымын енгізді. Лагранж математикалық анализ, сандар теориясы, алгебра, дифференциалдық теңдеулер, интерполяциялау, математикалық картография, астрономия т.б. бойынша аса маңызды зерттеулер жүргізді. Математикалық анализді алгебралық тұрғыдан негіздеуге талаптанды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 7-том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Франция математиктері Санат:Франция механиктері Санат:Франция тұлғалары Санат:1736 жылы туғандар Санат:1813 жылы қайтыс болғандар