Қызылсай (станция) - Түркістан облысының Төле би ауданындағы темір жол станциясы. Қызылсай туралы Шымкент қаласынан 15 км, аудан орталығы Леңгір қаласынан 18 км жерде. Бетеге, жусан, селеу өскен сортандау келген қызыл қоңыр топырақты қуаң далалық белдемде орналасқан. Қызылсай арқылы Шымкент - Жамбыл автомобиль жолы өтеді. Халқы 0,7 мың. Қызылсайда орта мектеп, клуб, кітапхана, аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан. Тұрғындар өзге елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Қазақстан темір жол бекеттері