Құрсай, Құрусай, Ташанақ – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Бәйдібек және Сауран ауданы жерімен ағады.
Бастауы Құрсай өзені Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып Шоқтас ауылының батысында тартылып қалады. Су мол кезде аққан арналары Шаға ауылына дейін жалғасып, Шағаөзен арнасына қосылады.
Гидрологиясы Ұзындығы 67 км, су жиналатын алқабы 325 км2. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен қоректенеді. Мал мен бау-бақша суарылып, балық ауланады. Алабы - жайылым мен шабындық.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Бәйдібек ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы Санат:Сауран ауданы өзендері