Йосеф Вацлав Фрич - буржуазиялық -демократиялық бағыттағы чех саяси қайраткері, жазушы. 1848 -1949 ж. революция кезінде чех жерлерінде чех буржуазиясының радикалдық қанатының өкілі болды.

Парага көтерілісін ұйымдастырды. 50 жылдары Габсбург империясындағы қатал реакция кезінде Прагада "Лада Ниола" атты әдеби - саяси альманах шығарды; альманах Чехияның қоғамдық өмірінде зор роль атқарды. 1859-1879 ж. эмиграцияда болып, онда А.И.Герценмен және поляк, венгр эмиграциясының демократиялық топтарымен жақындасты. Йосеф австрославизмге қарсы шықты, өз шығармаларында Чехияға тәуелсіздік берілуін талап етті. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том

Дереккөздер

Санат:Чехия жазушылары Санат:Чехия қайраткерлері