Михаил Александрович Фонвизин(20 наурыз 1788 жыл-30 сәуір 1854 жыл) - декабрист, генерал-майор. Өмірі Мәскеу университетінің нансионатында оқыды. Аустерлиц шайқасына, орыс-швед соғысына, Отан соғысына, орыс армиясының шетелдегі жорықтарына қатысты. Декабристердің солтүстік қоғамының алғашқы мүшелерінің бірі болды. 1822 ж. отставкаға шықты. 1825 ж. декабристер көтерілісіне әзірленген кезде Мәскеуде болды. 1826 ж. 8 жылға сотталды. 1853 ж. Мәскеу губерниясындағы, Брониций уездіндегі, Марьино қыстағындағы ағасының иелігіне, полиция бақылауына көшіріліп, сол жерде қайтыс болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том

Дереккөздер

Санат:Декабристер Санат:1788 жылы туғандар Санат:1854 жылы қайтыс болғандар