Генрик Сенкевич (; 5 мамыр 1846, Воля-Окшейска, Подлясская губерниясы, Ресей империясы - 15 қараша 1916, Веве, Швейцария) — поляк жазушысы. Кедейленген шляхтаның семьясында туған. 1866-1870 жылдары Варшава университетінің дәрігерлік және тарих-филология факультетін оқыды. Сенкевич- поляк әдебиеті мен әдеби тілін дамытуда елеулі роль атқарған жазушы.
Еңбектері «Отпен және қылышпен» (1883-1886), «Пан Володеыевский» (1887-1888), тригологияларында 17 ғ-дағы поляк халқының өміріндегі ауыр кезеңді жарқын суреттеді. «Дәлелсіз қағида » романында( 1889-1890), поляк ақсүйектерінің моральдық азғындауын, «Полонецкийлердің семьясы» романында (1893-1894) алпауыт өсімқорлардың ұсақ, , пайдакүнем тіршлігін, « Крест жорығына қатысушылар» (1897-1900) романында поляктардың неміс басқыншыларына қарсы күресін бейнелейді. Аяқталмай қалған « Легиондар»(1913-1914) романында Наполеон соғысы дәуіріндегі оқиғаларды көрсетті. Сенкевичтің «Нан үшін» повесі қазақ тілінде( 1952) басылды.
Сыйлықтары Ол- Нобель сыйлығының лауреаты. (1905).
Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 130 бет