Флорес Магон Рикардо - - Мексика саяси қайраткері және публицист. Өмірі "Regeneraction" революциялық газетін шығарды. Өмірінің соңына дейін АҚШ-та тұрды. Флорес Магон - либералдық партияның негізін қалаушылардың және партия манфисі авторларының бірі. П.Диас тәртібіне қарсы бірнеше қарулы қимылдар ұйымдастырды. Жеке меншікті жоюға шақырып, жалпыға бірдей теңдікті уағыздады. Рефолюциялық қызметі үшін АҚШ үкіметі Флорес Магон 5 рет түрмеге жапты. 1918 ж. 20 жыл түрмеде отыруға кесіліп, Лтвенворс түрмесінде өлді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:АҚШ тұлғалары