Сергей Сергеевич Смирнов(26.9.1915ж.т., Петроград,-22.3.1976, Мәскеу)- орыс совет жазушысыц. Өмірі Инженер отбасысында туған. 1946 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу энергетика институтын (1941), М.Горкький атындағы әдебиет институтын (1941) бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-1945). Смирнов 1934 жылдан бастап журналист ретінде танылды. 1959-1960 ж. «Литературная газетінің» бас редакторы болды. 1975-1976 жылдары КСРО Жазушылар одағының секретары. Еңбектері Ол «Днепр жағасындағы Сталинград «(1954), «Италияда» (1961), «Кубаға сапар» (1962) т.б. очерк кітаптарын жариялады. Смирновтың «Брест қамалы»(1957, толықтырылып басылуы 1964 , Лениндік сыйлық 1965), «Брест қамалының батырлары»(1959), «Белгісіз жайлы әңгімелер»(1963), «Семья»(1967) атты кітаптары және « Бугтағы қамал»(1955) пьесасы, көптеген мақалалары мен телевизия, радио арқылы сөйлеген сөздері Ұлы Отан соғысының белгісіз кеткен қахармандары жайлы деректер жинауға патриоттық қозғау туғызды. Смирнов шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Қазақ тіліне «Брест қамалы (1967) атты повесі аударылды. Сыйлықтары Ол Ленин орденімен, басқа да 3 орденмен және медальдармен марапатталған. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 203 бет
Санат: 1915 жылы туғандар Санат: 1976 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар