Виктор Иванович Спицын (25.04.1902 ж.т., Мәскеу) - кеңес химигі. КСРО ғылым академиясының академигі (1958; корр. Мүшесі, 1946), Социалистік Еңбек Ері (1969). 1941 жылдан КПСС мүшесі. Өмірі 1922 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, 1942-1948 ж. директордың орынбасары. 1949 ж. КСРО ғылым академиясының Физика химия институты директорныың орынбасары, 1953 жылдан директоры.

Спицынның негізгі жұмыстары сирек металдар (вольфрам, молибден, тантал, ноибий, берилий т.б.) химиясы мен технологиясына, комплекскті қосылыстар, радиоактивті элементтер химиясына арналған. Ол техникада қолданылатын металдарды өндірудің теориялық негіздерін анықтап, көптеген қосылыстар алды. Атом өндірісінің қалдығынан технецийді алу технологиясын дәлелдеді.

ГДР ғылым академиясының мүшесі, Поляк химия қоғамының құрметті мүшесі.

Сыйлықтары 4 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Қазан Революциясы ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 389 бет

Дереккөздер

Санат:25 сәуірде туғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:КСРО химиктері Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері