Каролинг әулеті () - Франк мемлекетіндегі король әрі император әулеті. Әулет тарихы Ұлы Карлдың (768-814) атынан шыққан. 751 жылы Меровингтердің орнына келді. Каролинг әулеті тұсында Франк мемлекетінде феодализм құрылыстары аяқталды. Каролинг әулеті Ұлы Карлдың империясы ыдырағаннан кейін (843) құрылған жаңа мемлекеттерде: Италияда 905 жылға дейін, Германияда 911 жылға дейін, Францияда 987 жылға дейін билік құрды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Әулеттер Санат:Тарих