Антонио Хосе де Сукре (1795 жыл 3 ақпан - 1830 жыл 4 маусым) - Америкадағы испан отарларының тәуелсіздігі жолындағы соғыс басшыларының бірі, Симон Боливардың ең жақын серіктерінің бірі, генерал (1818), маршал (1824). Өмірі Эквадорды, 1824 жылы Перуді азат ету жорықтарын басқарды. Боливия Республикасын құруда аса көрнекті рөл атқарды. 1829 жылы Ұлы Колумбияға басып кірген Перу әскерлеріне қарсы соғыста жеңіске жетті. Сукре туралы Боливияның оңтүстігіндегі қала, Венесуэланың солтүстік-шығысындағы штат оның есімімен аталған. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 440 бет
Дереккөздер
Санат:Әскерилер Санат:Генералдар Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1795 жылы туғандар Санат:1830 жылы қайтыс болғандар