thumb|right|200px Василий Александрович Сухомлинский (; 28 қыркүйек 1918, Васильевка селосы Александрийский уезі Херсон губерниясы, Украина — 2 қыркүйек 1970, Павлыш поселкасы Онуфриевский ауданы Кировоград облысы, Украина КСР) — әйгілі кеңес педагог-новаторы, жазушы. КСРО Педагогика ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1957), УКСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім Социалисттік Еңбек Ері (1968). 1943 жылдан КОКП мүшесі.
Өмірбаяны Василий Александрович Сухомлинский 1918 жылдың 28 қыркүйегінде Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы) кедей шруалар отбасында туған. Осында оның балалық және жастық шағы өтті. 1938 жылы Полтава мемлекеттік педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді. Институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне оралып, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Мәскеуді ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралады.
1947 жылдан Кировоград облысы Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестан оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады.Оған соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан өткізеді. Сухомлинский коммунисттік тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемаларын зерттеді (оқушылардың коммунисттік сенімділігін қалыптастыру, еңбекке коммунисттік қатынасын, коллективизмге тәрбиелеу т.б.), бастауыш мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының методикасымен шұғылданды. Сухомлинский - дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және мұғалімдік жұмысындағы құнды тәжірибиесі «Павлыш орта мектебі» (1969) атты кітабында жан-жақты баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің 1970 жылы 2 қыркүйекте дүниеден озды.
Еңбектері Сухомлнскийге «Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін УКСР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді (1974), қазақ тіліне аударылған (1976).
Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко медальдарымен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 456 бет
Дереккөздер
Санат:28 қыркүйекте туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Онуфриевский ауданында туғандар Санат:2 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Онуфриевский ауданында қайтыс болғандар Санат:КСРО педагогтары Санат:Украина педагогтары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Александрийск уезінде туғандар
Санат:Ұлы Отан соғысы саяси қызметкерлері Санат:Онуфриевский ауданында жерленгендер Санат:Кропивницкийдің құрметті азаматтары